Бұл бетте «Қабақты қату түйіп тым» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қабақты қату түйіп тым,
Отырдың шетте тұйық тым.
Әлде бір жаннан опық жеп,
Таттың ба уын күйіктің?
Сырыңды іште сақтадың,
Ойыңды ешбір таппадым.
Сұраған едім атыңды,
Күлдің де қойдың, айтпадың.
Шешіліп бір тіл қатпадың,
Қайталап мен де батпадым.
Орала берді бір күдік:
«Қай мінезімнен жақпадым?»
Отырған болсаң жан арып,
Не ақым бар сонша қадалып?
Қолымнан келсе бір көмек,
Көрсетпек едім ағалық.
Қайтейін, қалқам, ұқпадың,
Қинады көңіл жыққаның.
Тоқталып қалды тасымай,
Толқындап келген мықты ағын...
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі