Дилбарым
Бұл бетте «Дилбарым» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Он мың емес, бір жаным,
Бір жанымды сүй, жаным.
Қатты қондың көңілге,
Өзің ойлап-біл, жаным.
Іске аса ма тілегім,
О, Дилбарым, Дилбарым?
Үкі білер түн жайын,
Бұлбұл білер гүл жайын.
Жүрмін толық түсінбей
Жүрегіңде кім барын?
Айта қойшы жасырмай,
О, Дилбарым, Дилбарым?
Көктен төксе күн жалын,
Сенің көзің шын жалын.
Ортасында екі оттың
Күйіп кетті бір жаным.
Не десең де ырзамын,
О, Дилбарым, Дилбарым!
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі