Достар әні
Бұл бетте «Достар әні» атты Абдрахман Асылбек жазған достық туралы өлең берілген.
Өміріміз гүл жайнаған,
Тамылжыған таңымыз.
Бірге жүріп, бірге ойнаған
Достар едік бәріміз.
Сағыныстық, самғай ұштық,
Табыссақ деп тағы біз.
Достық құшақ қандай ынтық,
Жарасымды әніміз.
Көңілі шат, күлкісі күн,
Жастық жарқын шағымыз.
Баласындай бір кісінің
Сол достармыз әлі біз.
Тілегіміз бір өрілген,
Жырға толы жанымыз.
Дос таппасақ бұл өмірден,
Келісер ме сәніміз?
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі