Ей, аға, мені текке жек көресің – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ей, аға, мені текке жек көресің» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1346
Ей, аға, мені текке жек көресің,
Көрінген жерде жаман деп келесің.
Өзіңнің болмағанмен аталасың,
Баланың қайдан білдің текті емесін?
Жалбақтап жан біткенге жағынбадым,
Тура айтып туғаныма, жалындадым.
Сондықтан, сүйкімсізбін сенің үшін,
Көздеген көкейіңнен табылмадым.
Алдыңда айылымды жинағаным –
Аға деп ол өзіңді сыйлағаным.
Шегі бар шыдамның да шарт ететін,
Ағажан, бұдан артық қинамағын.
Мен сенен тілемеймін артық баға,
Қисынсыз көтермелеп шалқытпа да.
Қиялап көтеріліп келе жатсам,
Тек қана етегімнен тартып қалма.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ей, аға, мені текке жек көресің өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ей, аға, мені текке жек көресің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ей, аға, мені текке жек көресің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ей, аға, мені текке жек көресің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері