Бұл бетте «Әке» атты Абдрахман Асылбек жазған әке туралы өлең берілген.
Әке – асқар тауымсың
Тиіп тұрған әуесі.
Әке – бақша-бауымсың
Иіп тұрған мәуесі.
Асқар тауым тұрғанда,
Аласару мүмкін бе?
Бақша-бауым тұрғанда,
Жарасады күлкім де.
Әке – жарық күнімсің
Мені әуелде ораған.
Әке – шарық үнімсің
Кең әлемге тараған.
Жарық күнім тұрғанда,
Жайнап өтем жарқылдап.
Шарық үнім тұрғанда,
Сайрап өтем саңқылдап.
Әке – қамқор панамсың
Әлпештеген, баптаған.
Әке – дарқан даламсың
Әр кезде мен мақтанам.
Қамқор панам тұрғанда,
Көргенім жоқ қамығып.
Дарқан далам тұрғанда,
Көргенім жоқ тарығып.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі