Бұл бетте «Дауыл» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Далада дауыл ысқырып,
Қақты кеп зәулім қақпаны.
Шірене тартып, тықсырып,
Әкетті жұлып тақтаны.
Аптыға барып артынша
Айдынды шалқар шайқады.
Қажырлы қайсар қалпынша
Құзды да қозғап байқады.
Шіліктер шулап төменде,
Тасалап бойын жасырды.
Қайысып қайың, емен де,
Күрсіне құлап бас ұрды.
Тарқатып долы ашуын,
Аздан соң дауыл басылды.
Шұғылалы шашып шашуын,
Күн көзі қайта ашылды...
Дауылдай еді-ау бір шақта
Жалынды жаным менің де.
Көңілім шалқып бұл шақта,
Өмірдің тұрмын төрінде.
Жері жоқ барып соқпаған
Өтсе де дауыл жылдарым,
Ақылға келіп тоқтаған
Болсайшы дауыл жырларым.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі