Оп-оңай ойлар айтпақ боп – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Оп-оңай ойлар айтпақ боп» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1896
Оп-оңай ойлар айтпақ боп,
Қиналам кейде керемет.
Ақындар аулын айттап кеп,
Жегемін жанды жебелеп.
Қараспан тауды каптап кеп,
Шабыттың бұлты шатырлап,
Жатса екен деймін қақ-қақ боп,
Нөсері жырдың сатырлап.
Көңілде жүрген көп ойлар
Шиыршық атып тұрып-ақ,
Секілді селдір тоғайлар
Кетеді қайта ыдырап.
Балапан үрпек сары ала
Жыр оңай қанат қаға ма?
Ол да бір перзент-шағала,
Жанығып жетер жағаға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Оп-оңай ойлар айтпақ боп өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Оп-оңай ойлар айтпақ боп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Оп-оңай ойлар айтпақ боп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Оп-оңай ойлар айтпақ боп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері