Алматының алмасы – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Алматының алмасы» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 7604
(Әнге лайықталған)
Алматының бағында
Алма ағаштар гүлдеді.
Жаздың сұлу таңында
Жас қыз көзін ілмеді.
Еңбек етіп ерінбей
Көктемде оны суарды.
Өскеніне өрімдей
Жаны толқып қуанды.
Шекараны күзеткен
Қыз сағынып жолдасын,
Тартты сый ғып өзі еккен
Алматының алмасын.
Шекарада әр түрлі
Табылады алма да.
Сүйген жардың тартуы
Қымбаттырақ сонда да.
1955
* * *
Аспан айы, кел маған,
Ажарыңды бер маған.
Жаушы қар, жан баспаған,
Мен ұқсайын тап соған.
Жоғалмайын айға ұқсап,
Ерімейін қарға ұқсап.
Жастық шағым таймасын,
Жүзім айдай жайнасын.
1955


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алматының алмасы өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Алматының алмасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алматының алмасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алматының алмасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері