Көкіректі кернеген үмітпенен
Бұл бетте «Көкіректі кернеген үмітпенен» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көкіректі кернеген үмітпенен
Күліп келем, тоқтаусыз жүріп келем.
Күндерім көп қалатын сүлдерім тек,
Қармағыма шабақ та ілікпеген.
Көкіректі кернеген үмітпенен
Келер күнге көзімді тігіп келем.
Көрсетпейді кейде анық қарауылды,
Көлегейлеп көгімді бұлт деген.
Көкіректі кернеген үмітпенен,
Күтіп тұрған бір той бар, біліп келем.
Кейде кірбің шалады қабағымды,
Көлденеңдеп алдымнан күдік деген.
Көкіректі кернеген үмітпенен
Күліп келем, тоқтаусыз жүріп келем,
Күндер артқан сенімге кіріп келем,
Күдік деген сұмдықты түріп келем.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі