Жақсылыққа барғаның – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жақсылыққа барғаның» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 4785
Жақсылыққа барғаның –
Жалын атып жанғаның.
Жақын тұтып жатты да,
Құшағыңа алғаның.
Жамандыққа барғаның –
Бықсық атып жанғаның.
Жақынды да жаратпай,
Тыжырына қалғаның.
Жаса мейлің адамдық,
Жаса мейлің жамандық, –
Бәрі алдыңнан шығады,
Көңіліңді алаң қып.
Арамдықтан кетілдім,
Адамдықтан жетілдім
Жан біткенге жақсылық
Жасамаққа бекіндім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері