Көкорай көктем – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Көкорай көктем» атты Абдрахман Асылбек жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 8887
Гүлденді далам,
Түрленді қалам,
Жауқазын жапты жер төсін.
Шығайық қырға,
Шығайық шыңға,
Ертерек тұрып, еркешім.
Терейік гүлді,
Төгейік жырды,
Шақырып шабыт, шарықтап.
Басайық әнге,
Жасайық мәңгі,
Көгершін болып қалықтап.
Сыбдырап құрақ,
Сылдырап бұлақ,
Ағады құлап, ағады.
Жағасы жасыл,
Алқасын асыл
Тамшыдан мөлдір тағады.
Желекті желпіп,
Жұпарға елтіп,
Көлбеңдей ұшқан көбелек.
Самалы салқын,
Жанары жарқын,
Көкорай көктем керемет.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері