Бұл бетте «Теңіз боп жаным тулайды» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Теңіз боп жаным тулайды,
Шағала қонып шулайды.
Шатырлап көкте найзағай,
Шүйліккен бұлтты турайды.
Домбырам басы ырғайлы,
Домбырам даусы сырнайлы.
Дидарын көріп жасарған,
Даламды дарқан жырлайды.
Ойланып күнде мың жайды,
Көңілім мүлде тынбайды.
Қоғалы көлдер, көк белдер
Күйімді ұйып тыңдайды.
Тербетіп тілсіз түнгі айды,
Қырларды кезіп қурайлы,
Самайды сипап самал жел,
Сырымды менің ұрлайды.
Теңіз боп жаным тулайды,
Шағала қонып шулайды.
Шиыршық атып шалқымай,
Шабытты шақтар тумайды.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі