Байлығым – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Байлығым» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2011
Елден ерек кетпес артып,
Мүмкін, менің байлығым,
Жүрмеспін де текке шалқып,
Артылмас та айлығым.
Кимеспін де артық киім,
Сырт мүсінге мән беріп.
Жимаспын да артық бұйым,
Дүниені сән көріп.
Менен аулақ қайғы, мұң, зар,
Оған, сәулем, мол сенім.
Жалғыз ғана байлығым бар, –
Күміс күлкің ол сенің.
Бақыт үшін есеп беріп,
Күле отырып күн ұзын,
Болғаны тек жесек бөліп,
Қара нанды бір үзім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Байлығым өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Байлығым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Байлығым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Байлығым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері