Шаңырақ

Бұл бетте «Шаңырақ» атты Серік Әкірамұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.03.2020
  • 0
  • 0
  • 6463
Киіз үйге кіргенде,
Бәрі басын иеді.
Оның сыры білгенге,
Шаңырақ қой киелі.
Кереге, уық ғажап тым,
Кестелі ою өң береді.
Киіз үйі қазақтың,
Жер шарындай дөңгелек.
Түлеткен сан ұл-қызды,
Киіз үйім – дастаным.
Ай менен Күн, жұлдызды,
Шаңырақ қой аспаным.

(балаларға арналған тақпақ)


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шаңырақ өлеңінің авторы кім?

Серік Әкірамұлы — осы өлеңнің авторы.

Шаңырақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шаңырақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Әкірамұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шаңырақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері