Байлығым – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Байлығым» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2045
Елден ерек кетпес артып,
Мүмкін, менің байлығым,
Жүрмеспін де текке шалқып,
Артылмас та айлығым.
Кимеспін де артық киім,
Сырт мүсінге мән беріп.
Жимаспын да артық бұйым,
Дүниені сән көріп.
Менен аулақ қайғы, мұң, зар,
Оған, сәулем, мол сенім.
Жалғыз ғана байлығым бар, –
Күміс күлкің ол сенің.
Бақыт үшін есеп беріп,
Күле отырып күн ұзын,
Болғаны тек жесек бөліп,
Қара нанды бір үзім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері