Бұл бетте «Аққудайын айдын көлде таранған» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
Аққудайын айдын көлде таранған,
Тұла бойың таң-тамаша жаралған.
Көз айырмай кеуде керген анардан,
Жалт-жұлт етіп жалын ұшты жанардан
Өзегімді өртеп кетті бал арман.
Әлде менің шықпай жүрген жырым ба ең?
Әлде менің ұқпай жүрген сырым ба ең?
Әлде менің таппай жүрген үнім бе ең?
Әлде менің тақпай жүрген гүлім бе ең? –
Бәрін, бәрін тапқандаймын бүгін мен.
Жақсылығын, ақшыл нұрын жайып таң,
Жылдарымсың, сырларымсың айыққан.
Орта түскен ойларымды байытқан
Сенің үнің – сұлу сазды байыпты ән,
Құшақ жайып қалықтаған ғайыптан.
Көкірегімді қуаныш боп кернеген,
Сол әуеннің ырғағымен тербелем.
Ақтарылдым ақ жауын боп селдеген,
Күмбірледім күміс күй боп пернеден –
Келіп жеттің дер шағымда шөлдеген.
Бұрын менің шықпай жүрген жырым ба ең?
Бұрын менің ұқпай жүрген сырым ба ең?
Бұрын менің таппай жүрген үнім бе ең?
Бұрын менің тақпай жүрген гүлім бе ең? –
Бәрін, бәрін тапқандаймын бүгін мен.
- Тест
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Стив Джобс
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі