Бір құрбыға
Бұл бетте «Бір құрбыға» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(Әзіл)
Көріп ек кермаралдай қыз күніңді,
Қырқысып жігіт біткен жүз жүгірді.
Қайрылмай кете бердің біріне де,
Қалайша ұмытайық біз мұныңды.
Қызғыштай қорып келген қыз күніңді,
Қыз едің үлбіреген үздік үнді.
Қауқиып қалыпсың-ау, қайран құрбы,
Қайыңдай қалтыраған күзді күнгі.
Қалдырып кербез, керім қыз күніңді,
Қалайша беріп қойдың тізгініңді?
Қысылмай қайдан таптың қасыңдағы
Қысық көз, қаба сақал, біз мұрынды?
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі