Жеңіл жүрсең, жеңілтек дос табарсың

Бұл бетте «Жеңіл жүрсең, жеңілтек дос табарсың» атты Абдрахман Асылбек жазған достық туралы өлең берілген.

  • 05.08.2019
  • 1
  • 0
  • 2083
Жеңіл жүрсең, жеңілтек дос табарсың,
Көбелектей жел қуған қостанарсың.
Ажарың мен базарың тарқаған соң,
Керексіз боп ешкімге бос қаларсың.
Көп болғанда күлкімен он жыл өтер,
Аямайды уақыт – мол жүдетер.
Әрің менен нәріңді қатар сорып,
Қос кеудеңді босаған қоржын етер.
Сонда ғана өкініп, аһ ұрарсың,
Көңіліңді қайғыға батырарсың.
Сені сүйген жалғыз-ақ адам барын
Сонда ғана түсініп, шақырырсың.
Бәрібір, мен өзіңді сағынармын,
Жазуына Тәңірдің бағынармын.
Саған деген ынтығым сөнбек емес,
Сол кезде де қасыңнан табылармын.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері