Жаны жұмсақ жайсаң жансың сен мүлдем – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жаны жұмсақ жайсаң жансың сен мүлдем» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2835
Жаны жұмсақ жайсаң жансың сен мүлдем,
Сүйем дедің, сүюіңе сендім мен.
Азаптадың, мазақтадың сезімді,
Бәріне де басымды иіп, көндім мен.
Ақыл айтсам, батыл айтсам, қашпашы,
Елпеңдеген ескі әдетті тасташы.
Сүрінген де, бүлінген де шығарсың,
Енді қайтып өткен ізді баспашы.
Дәніккеннен жаман дейді құныққан,
Жөн болар-ау жөнсіздікті ұмытқан.
Жасың асып кеткенен соң қырықтан,
Құтылмассың уақыт салған құрықтан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері