Жырақтап сәтке бір ғана
Бұл бетте «Жырақтап сәтке бір ғана» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жырақтап сәтке бір ғана,
Естімей қалсам үніңді,
Тұнжырап кетем мұңдана,
Жоғалтқан жандай күнімді.
Қараңғы тартып заматта-ақ,
Айналар түнге үміттер
Шымшиды жанды шабақтап,
Қамалап түрлі күдіктер.
Қоярға жанды жай таппай,
Толқын боп жарға соғамын.
Қызғаныш итін айтақтай,
Әркімді оймен қабамын.
Тартылып лезде тынысым,
Тоқтайды барлық жұмысым.
Өртеніп-жанам кім үшін?
Тірлігім бүйткен құрысын!
Түнім де менің түн болмай,
Тақсірет таңым атады.
Оралған жандай дым болмай,
Күлгенің жанға батады.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі