Мен сені сүйіп едім, түсінбедің – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Мен сені сүйіп едім, түсінбедің» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 4155
Мен сені сүйіп едім, түсінбедің,
Байлықпен бағаланар кісің бе едім?
Табынған тек Тәңірге жан емес пе ем,
Не болды соншалықты кішіргенім?
Мен сені сүйіп едім, түсінбедің,
Бейшара бейнесінде мүсіндедің.
Жаныма жайма-шуақ жаман батты,
Құнымды соншалықты түсіргенің.
Мен сені сүйіп едім, түсінбедің,
Жұмбақты жан емес пе ем, ішімде мұң.
Қонатын тұғырыңа қонбай жүрсің,
Қол созып, болар деп ем құсым менің.
Мен сені сүйіп едім, түсінбедің,
Бәрібір басып тұрар мысым менің.
Жалт етіп жазың өте шыққан кезде,
Не болар соншалықты ісінгенің?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері