Өзіңмен бірге болған әр сағатым – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Өзіңмен бірге болған әр сағатым» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2619
Өзіңмен бірге болған әр сағатым –
Өмірлік қайталанбас бал сағатым.
Кетпейді құлағымнан балғын даусың,
Балқытып таң атқанша ән салатын
Сенімен отырайын қайда, қай күн,
Сезінем отырғандай тойда айдын.
Әйтеуір, сен қасымда болсаң болды,
Еш нәрсе бас қатырып ойламаймын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері