Қасиетті Қызылқоғам
Қызылқоғам ауылым - құт мекенім,
Өзіңе арнап жыр жазып тебіренемін.
Алыс жаққа шықсам дағы сағынамын,
Саған да мен әлі талай сыр шертемін.
Ауылымның құмыменен мақтанамын,
Ертелі - кеш шаруа көп атқаратын.
Күнәсіз балалығым өтіп кетті - ау,
Құм шашып ойын ойнап шаттанатын.
Қасиетті Қызылқоғам самалың боп есілем,
Туған өлкем, атамекен кетпес мәңгі есімнен
Жазы дауыл, қысы боран не дегенмен,
Кең дала, шөбі шүйгін керемет ең!
Шыққан екен өлең-жыршы, ақыны да,
Кеудесін оққа тосқан батыры да.
Бұл өлкеге ешбір мекен тең келмейді,
Қайталанбас қасиетті Қызылқоға!
Біздер жастар сенбейміз баяғыға,
Арман еді-ау сол кезде газ, суы да,
Бейнет көрген үлкендер сөз еткенде
Ертегідей боп кетеді көз алдыңа.
Бас қосып әңгіме етер кәрі - жасы,
Балауса шөп, мал жаюға кең даласы,
Айта берсең тіл жетпейді таңданасың
Бәріненде ең ерекше - таза ауасы
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі