Айдын – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Айдын» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4227
Айдын жатыр тыныс қып,
Ақ толқынын жылжытпай.
Көтерілсе күміс бұлт,
Түсіреді бұлжытпай.
Дей ме:
«Бұлтты көшіріп,
Өнеріңді көрсетпе!»—
Шортан шоршып,
Өшіріп
Тастайды оны бір сәтте.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері