Көлеңкем ұзын тұрқымнан – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Көлеңкем ұзын тұрқымнан» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 806
Көлеңкем ұзын тұрқымнан,
Қораш-ау сыртқы сүдiнім.
Шығармай уақыт ырқыңнан,
Түбiне тықтың күбiнiң.
Мен болдым бiлем салдамаң,
Сақал-мұрт ұзын барақы.
Көзiммен көрiп, алданам,
Тағдырым – жұрын, дарақы.
Бояуы қалың қара сұр,
Тартады терең құрдымға ап.
Жоғалған мендiк бар асыл,
Зәумен бір келмес ырғын бақ.
Соңыма түскен құлғана,
Түбіме жетер ақыры.
Тiрлiктi, құдай, бұлдама,
Мен де бiр тәңiр пақыры.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері