Тұрмыс ауыр, күн кештiм iлдебайлап – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Тұрмыс ауыр, күн кештiм iлдебайлап» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 723
Тұрмыс ауыр, күн кештiм iлдебайлап,
Қатты, қатты сөз айттың мүлде ғайбат.
Тiрлiк – осы, көз iлсем түсімде ылғи,
Жәбiрейiл жүредi мүрдеге айдап.
Затым – ынжық, дәнекүс көрбаламын,
Қырқасына симадым кер даланың.
Ақырғы рет жүзiңдi көрейiншi,
Ей, құдiрет, пендеңе берқарағын
Өлi адамның ұсқыны – сүрепетiм,
Жүрегiм жок, секемал дip eтeтiн.
Сүйегiмдi жерлеңдер, өтінемін,
Қара жолдың бойына кіре өтетін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері