Ұға білдім – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ұға білдім» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1113
Мен сенің біліміңе қарамадым,
Мен сені жетім деп те санамадым.
Ал, сенің келбетіңе жер бетінде
Ешкімді тең екен деп баламадым.
Мен сенің байлығыңа қарамадым,
Мен сенің айлығыңды санамадым.
Ал, бірақ, жүрегіңнің соншалықты
Мейірлі екендігін бағаладым.
Сен мені қолдағанда, өсе білдім,
Сен мені қорласаң да, төзе білдім.
Жанымды қаншалықты қинасаң да,
Мені іштей қимасыңды сезе білдім.
Кейбір сәт құрышын жеп құлағымның,
Мінсең де мінезіңе, бұға білдім.
Нөсерлі найзағайдай ашуыңның
Артынша-ақ ашыларын ұға білдім.
Шегіне жткізсең де шыдамымның,
Қасқайып қас батырдай тұра білдім.
Темірдей төзімімнің арқасында
Шыңдағы шынарыма шыға білдім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері