Ұға білдім – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ұға білдім» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1085
Мен сенің біліміңе қарамадым,
Мен сені жетім деп те санамадым.
Ал, сенің келбетіңе жер бетінде
Ешкімді тең екен деп баламадым.
Мен сенің байлығыңа қарамадым,
Мен сенің айлығыңды санамадым.
Ал, бірақ, жүрегіңнің соншалықты
Мейірлі екендігін бағаладым.
Сен мені қолдағанда, өсе білдім,
Сен мені қорласаң да, төзе білдім.
Жанымды қаншалықты қинасаң да,
Мені іштей қимасыңды сезе білдім.
Кейбір сәт құрышын жеп құлағымның,
Мінсең де мінезіңе, бұға білдім.
Нөсерлі найзағайдай ашуыңның
Артынша-ақ ашыларын ұға білдім.
Шегіне жткізсең де шыдамымның,
Қасқайып қас батырдай тұра білдім.
Темірдей төзімімнің арқасында
Шыңдағы шынарыма шыға білдім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұға білдім өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ұға білдім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұға білдім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұға білдім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері