Бәрін де шешіп қас қағымда

Бұл бетте «Бәрін де шешіп қас қағымда» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1551
Бәрін де шешіп қас қағымда,
Бала мен байды тастадың да,
Ілесіп маған жүріп кеттің,
Бақытқа шексіз бастадың да.
Сәлемді бердің алдыменен
Анама елдің салтыменен.
Аруды сендей көрген кезде,
Қуанып қалды халқым ерен.
Анама ешкім жақпайтұғын,
Көңілін тіпті таппайтұғын.
Келіні болып шыға келдің,
Көтеріп көкке, мақтайтұғын.
Әкемді көрдің түсіңде сен,
Әппақ сақалды мүсінде әсем.
Суретіне иіліп сәлем бердің
Құтқана үйдің ішінде сен.
Жерімнің туған дәмін таттың,
Елімнің туған сәнін таптың.
Еркелігің мен еркіндікті
Жеңгелеріңе қабылдаттың.
Шырқатып шалқар шаттық әнін,
Қайындарыңа қатты ұнадың.
Біраз күн олар бірге болып,
Ақтарды жырдың ақ бұлағын.
Жамбылдың жерін араладың,
Жақсы-жаманын сараладың.
Ағайындарыма сыйлы болып,
Жоғары бәрін бағаладың.
Тәңірдей күтіп қарт енеңді,
Қадірің сенің арта берді.
Бәрінен бұрын, жаным менің,
Көтердің көкке мәртебемді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бәрін де шешіп қас қағымда өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Бәрін де шешіп қас қағымда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бәрін де шешіп қас қағымда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бәрін де шешіп қас қағымда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері