Өлең, жыр, ақындар

Оңашадағы ой

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1418
Жатқам жоқ жапан далада,
Жатырмын ауруханада.
Дүние қандай тып-тыныш,
Келген жоқ қатын, бала да.
Қызуым артып басында,
Қиналып түстім расында.
Емшіден өзге жанашар
Болмады ешкім қасымда.
Керегі болмай дос, жардың,
Өзіңді ғана еске алдым.
Жанымды менің түсініп,
Өзінен басқа қоштар кім?
Өліменен-дағы сескенбей,
Ауруға-дағы дес бермей,
Аңсаумен болдым күнұзақ
Аруды ғана тек сендей.
Құрғатпай күнді кеп тұрдың,
Мен-дағы бері бет бұрдым.
Алайда, дәйім алаңдап,
Артымда үй бар деп тұрдың.
Білемін, қалқам, білемін,
Ағынан маған тілегің.
Жүрсің сен жанып екі отқа,
Екіге бөлініп жүрегің.
Көпірді-дағы қия алмай,
Мұсылманға да тие алмай,
Жүрсің-ау жаның қиналып,
Есіңді әлі жия алмай.
Бәрібір емес, ал маған,
Әуелде-ақ сені таңдағам.
Сыңарым болса екен деп,
Тілегем жалғыз Алладан.
Жалғызбын – куә ақ аспан,
Жалғыздық маған жарасқан.
Сен болсаң – жалғыз емеспін,
Құдайым ғана қарасқан.
Қолыңнан келсе, демегін,
Нұрыңа мені бөлегін.
Тәңірім жазса, өзіңмен
Көп әлі бірге көрерім.

31.12.2001 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ескерткіш

  • 0
  • 0

Өмірді өлшеп Алла бөле білген,
Өлген ол, өлесің сен, өлемін мен.
Тұрғызсам деп келемін күмбезімді,
Өмірлік өлмейтұғын өлеңіммен.

Толық

Саңырық

  • 0
  • 0

Ошақты Тасжүректің Сейітінен,
Танисың Саңырықты кейіпінен.
Ерекше батырлық пен мергендігін
Айтады аңыз етіп кеңітіп ел.

Толық

Шымшық пен шегіртке

  • 0
  • 0

Бір Шымшық Шегірткені ұстап алды,
Әңгіме қысқа болды:
– Жазығым не, Шымшығым?
Дәмің сондай тым шырын,

Толық

Қарап көріңіз