Көрем сені – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Көрем сені» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1726
Көрем сені – тұрғандай елжіреп күн,
Жаның жайсаң, жандарға кең жүрексің.
Бірде мұңлы, бірде шат көңілдісің,
Ең бастысы – өзіңе сенімдісің.
Көрем сені – кейбір кез борандайсың,
Бірақ, маған қатыгез бола алмайсың.
Жанарыңда жарқын жаз жарығы бар,
Жарасымды жаныңды жаным ұғар.
Көрем сені момақан бір қалыпта,
Ашыласың кейбір кез нұрланып та.
Сол бір шақта шын батыл – шабыттысың,
Тек менімен, менімен бақыттысың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері