Тыңдаймысың, жүрегім – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Тыңдаймысың, жүрегім» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1571
Тыңдаймысың, жүрегім,
Жиі-жиі соқпашы.
Ырғағыңды үнемі,
Бір қалыпты сақташы.
Тыңдаймысың, жүрегім,
Лапылдамай, дамылда.
Саған әппақ тілегім –
Ақ пейілмен қабылда.
Тыңдаймысың, жүрегім,
Тектен-текке мұңайма.
Махаббаттың шын емін
Тапсыр жалғыз Құдайға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері