Бұлт – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Бұлт» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 4413
Тұрады бұлттар тұлданып,
Бір туғандай соғыспен,
Сол бұлттай түсі сұрланып,
Зулайды тынбай оқ үстен.
Жинаған жұртты намазға
Қаралы сол бір қағазға?
Түсе ме әлде ажал боп
Маңдайы күндей сабазға?
Жерді қойып көктің де,
Қойыны-қонышын толтырған.
Қорғасын ба жердегі,
Қораланып сол тұрған.
Қап бәлем, енді тұра тұр,
Қақ тіліп сені найзадай,—
Соғар бір дауыл сұрапыл,
Ойнар бір жасыл найзағай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұлт өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Бұлт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұлт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұлт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері