Аттары мәлімсіз достар – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Аттары мәлімсіз достар» атты Сырбай Мәуленов жазған достық туралы өлең берілген.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3042
Самолеттермен гурілдеп,
Алдымнан тағы шықты ұрыс.
Жөнелді жанып дүрілдеп,
Жататын орман тып-тыныш.
Дұшпан тұр өлім себелеп,
Жаралы жанмын қарусыз,
Өзімдей жатыр мүгедек,
Арыс жігіт, ару қыз.
Кереге көзді ақ оттар,
Аспанға жатыр ау құрып,
Қорғайды бізді солдаттар,
Зениткамен жауды ұрып,
Аяқ-қолым таңулы,
Жатырмын жерде қарусыз.
Қорғайды достар жанымды,
Аттары маған мәлімсіз.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері