Сәбидің жылағаны – Ақылбек Шаяхмет

Бұл бетте «Сәбидің жылағаны» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1584
Сәбидің жылағаны –
Емшекті анасынан сұрағаны.
Әйелдің жылағаны –
Күйзелген тауқіметтен, сірә, жаны.
Еркектің жылағаны –
Биіктен оңбай жерге құлағаны.
Оларды жұбатуға
Тірліктің табылмай ма бір амалы?!
Бұл өмір шындығында
Жылау мен жұбатудан құралады…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері