Вокзал – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Вокзал» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1032
Вокзал дейміз,
Бір ғажайып орын бұл.
Сан сапарлар тоғысады осында.
Адамдардың кең құшағы толы гүл,
Кездеседі таныстар да, тосын да.
Біреу күтіп, біреулер жүр ұзатып,
Құзырына бағындырып уақыт.
Кей көңілді асықтырып, жетелеп,
Кей көңілдің тауын шағып, уатып.
Тек сапарлар ғана сынды жосылып,
Мынау дүние лепіріп, бір тосылып...
Жүректер мен дөңгелектер ырғағы
Жақын қалған армандардай қосылып.
Біреу өтеп, біреу алып қарызды,
Алға апарар жерге түскен әр ізді.
Біреу келіп, біреу кетіп жататын
Мынау өмір езі вокзал тәрізді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері