Борыштымын, Сыр саған – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Борыштымын, Сыр саған» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.08.2021
  • 0
  • 0
  • 644
Тұңғиық түн.
Ай қарап
Үңіледі төбемнен.
Сыр жағалап келемін,
Қолтықтасып өлеңмен.
Толқын үні асқақ бір
Ән шырқаған еркемдей.
Жүзген жойқын сендерің
Сол мінген ақ желкендей.
Қиялымды сең-желкен
Оятқандай менің де.
Самал болып сезілді
Соққан суық желін, де.
Сеңмен ойым жарысты.
Елестетіп арманды,
«Айтылмаған ән» Нәзік
Жырымменен жалғанды...
Жүзіп ішкен жүйріктей
Жаным жырға сусаған.
Сәттер үшін осынау
Борыштымын, Сыр, саған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері