Бүтін болшы, көңілдер – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Бүтін болшы, көңілдер» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 678
Асыл шыны, ақ фарфор,
Абайсызда қирады.
Білем, көңілің енді оны
Жоқ дегенге қимады,
Қабағыңнан сол үшін
Қойды кейіс тарамай,
Адамдар да жоқ болады
Ұлылығына қарамай.
Фәни дүние десеңші,
Құзырыңа таң қылып...
Шыны сынса, кейиміз
Көңіл сынса, заңдылық
Деп қараймыз, ақылды
Өзімізше пілдейміз,
Адам жаны фарфордан
Ақ, нәзігін білмейміз.
Шарт сындырып кетеміз,
Сәл нәрсені шам қылып.
Болса дейміз тағы да
Дүние толы заңдылық.
Қалмасыншы шынылар,
Түгесілсін темірлер.
Сау болсыншы жүректер,
Қирамасын көңілдер!
Қирамаса, көңілдер,
Қысқармайды өмірлер!
Өмір үшін ендеше,
Бүтін болшы, көңілдер!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері