Жақсылығың істеген – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Жақсылығың істеген» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 893
Жақсылығың істеген,
Жақсыдан ғана қайтады.
Алғанын емес, көп мұндар
Бергенін ғана айтады.
Болыстығыңды істеген,
Білімді ғана ұғады.
Көркеуде өзім жеңдім деп,
Көкірегін ұрып шығады.
Еңбекке ғана ендеше,
Міндет қып, достым, байқағын.
Ол сенің адамдығыңды
Ғарыш асырып айтады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері