Бұл бетте «Өмірде көп-ақ» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өмірде көп-ақ
қайшылық, салдар, себептер,
Қажеттіліктер,
кездейсоқтықтар, деректер...
Ешқайсысы да
өзі жаралып келмейді
Бәріне-дағы
адамдар өзі себепкер.
Мақсат көп адам
жететұғын тек төлеп тер.
Талап пен бақыт
не түрлі тағы «керектер»...
Керегі шексіз,
мақсаты бітпес пендеміз,
Тек жақсылыққа
болайық достар, себепкер!
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі