Бөлінбейтін сандар бар деп екіге – Ақылбек Шаяхмет

Бұл бетте «Бөлінбейтін сандар бар деп екіге» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1538
Бөлінбейтін сандар бар деп екіге,
Көзің жетіп тұрған-сынды көкіме.
Бөлінеді бес пен тоғыз, жеті де,
Ащы таяқ тиген болса етіне.
Бөлінуін бөлінеді, алайда,
Қалдығы оның қалқып шығар бетіне.
Бөлінгеннің болады ғой обалы,
Бөлінбейсің, шыдасаң жел өтіне.
Қалдықты да тең бөлуге болады,
Байланысты тек бөлінер сәтіне.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері