Жауыннан соң жатыр ма екен жер кеппей – Ақылбек Шаяхмет

Бұл бетте «Жауыннан соң жатыр ма екен жер кеппей» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1431
Жауыннан соң жатыр ма екен жер кеппей,
Көргің келсе атқа мініп, қырға шық.
Егін еккен жерге жатса су жетпей,
Кей қаланы кетеді екен су басып.

Бетпақ дала күн көзінде қуарған,
Арал анау суы құрып, суалған.
Кейбір жерде жалғыз тал да өспейді,
Кейбір жерде сыңсып тұрса ну орман.

Несібені қоймай ма деп тең бөліп,
Жүргендер бар тұрақ таппай сенделіп.
Молшылықта естен шығып жоқшылық,
Тойғаннан соң жатпайды ешкім мән беріп.

Жылуды аңсап жүрдің кеше суықта,
Лай да іштің қолың жетпей тұныққа.
Құрмет көріп, отырғанда марқа жеп,
Ашта жеген құйқа дәмін ұмытпа!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері