Неге? – Ақылбек Шаяхмет

Бұл бетте «Неге?» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1057
Кейде тыныс бітіп,
Ауаны әзер жұтып,
Ұмтылсаң да қанша,
Аламын деп ұтып,
Жеткізбейді мәре.
Неге,неге,неге?

Ақ желкенді керіп,
Арманыңа еріп,
Толқындарды тіліп,
Алға жүзсең сеніп,
Қайырлайды кеме.
Неге,неге,неге?

Көп кісіні жасық
Қалса мысың басып,
Қарсы келген жауға
Тұрсаң кеуде ашып,
Қадалады жебе.
Неге,неге,неге?

Болсаң да хан, төре,
Жетпегенді жебе,
Жетімдерді еле,
Тыныш жүрсең және,
Жоламайды пәле.
«Неге, неге?» –деме.

Жібек жіптей есіл,
Түйген жіптей шешіл.
Қиналғанға қол соз,
Қастасқанды кешір,
Қисаймасын көшің,
«Неге, неге?» –деме.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері