Жаңа ай
Бұл бетте «Жаңа ай» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мамырдың түнінде
Барғанбыз баққа бір.
Нұр ойнап түріңде,
Құлпырдың шақта бұл.
Дірілді денеңді
Аймалап сүйдім мен.
Бақытқа бөлендім,
Басымды идім мен.
Тынық түн төрінде
Тұтанды ғашықтық.
Болашақ өмірге,
Әйтеуір, асықтық.
Сол бір шат уақытта
Мүлгіді айнала.
Біздегі бақытқа
Куә тек ай ғана.
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі