Соғысқа қатысқандар – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Соғысқа қатысқандар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2815
Соғысқа қатысқандар,
Алысып, атысқандар.
Жан беріп, жан алысып,
Азапқа батысқандар.
Ел үшін алыстыңдар,
Жер үшін жаныстыңдар.
Намысты бермеу үшін,
Қасарып, қарыстыңдар.
Қызыл қан төктіңіздер,
Жеңіке жеттіңіздер.
Алайда, көпшілігің
Жан қиып кеттіңіздер.
Тірілер, дем алдыңдар,
Ортаға оралдыңдар.
Отанның ұлы болып,
Қас батыр бола алдыңдар.
Жалындап маздандыңдар,
Өмірден озған кім бар?
Соғыстың сарбаздары,
Бүгінде ақ қалдыңдар.
Ел берер бағасын дәл,
Айтулы ағасыңдар.
Мызғымыс ескерткіш боп,
Тарихта қаласыңдар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері