Жалбарыну – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жалбарыну» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2825
О, Алла!
Алла, Алла!
Ғұмырымды жалға,
Жылжыт мені алға,
Жеткіз бақыт таңға.
О, Алла!
Алла, Алла!
Түсір тура жолға,
Істерімді оңда,
Ақ тілекті қолда.
О, Алла!
Алла, Алла!
Құдіретіңе сенем,
Тазарып бар денем,
Иманыңа енем.
О, Алла!
Алла, Алла!
Күнәм болса, кешір,
Қатем болса, өшір,
Мәртебемді өсір.
О, Алла!
Алла, Алла!
Бал тілімді сақта,
Ақ дінімді жақта,
Бақ жерімді сатпа.
О, Алла!
Алла, Алла!
Бойыма бер қуат,
Ойыма бер шуақ,
Жырыма бер суат.
О, Алла!
Алла, Алла!
Қуат берсең маған,
Келгенінше шамам,
Адам болып бағам.
О, Алла!
Алла, Алла!
Ғұмырымды жалға,
Жылжыт мені алға,
Жеткіз бақыт таңға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалбарыну өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жалбарыну өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалбарыну өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалбарыну өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері