Қызыл арқа

Бұл бетте «Қызыл арқа» атты Сәбит Мұқанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1362
Сап-сары биік белдерде,
Сарғайған түссіз жерлерде,
Сап-сары киім киініп,
Қабағы бұлттай түйіліп,
Сарғайған мың сан жан жүрді;
Азуы алмас, тілі у,
Арам көңіл, ала ту,
Кең жемсаулы, кең қарын,
Найзадай түйреп қолдарын,
Қорқау қасқыр —«хан» жүрді.
Сары даланы мұң басып,
Түнерген қара түн басып,
Адасқан жол таба алмай,
Мұңын жанға шаға алман.,
Нелер, нелер жыл етті.
Күнбатыстан ер шығып,
Есіркер аға ел шығып,
Түнді кектен серпіді,
Тотыдай таң құлпырды,
Алтын нұрын күн септі.
Сары дала жасыл түрге енді,
Қызарып шешек — гүлденді,
Жерге жұпар төгілді,
Шаттандырды көңілді,
Жан жадырап, өмір жаз!
Күн кергенге қуанып,
Жылауынан уанып,
Нарттай жанған пішінде,
Кеп қуаныш ішінде
Құлдар да жүр аралас.
Аузында еңбек ұраны,
Ленинизм құралы,
Сол құралға табынып,
Соған ғана бағынып,
Жолында соның өнеді.
Сарғылт түсті Сарыарқа,
Сүреңі жоқ кең алқа
Қызыл арқа атанды,
Жасадық жаңа Отанды.
Сарғаю енді болмайды.
Қызыл гүлдер тамырлар,
Қызыл ерттей жалындар,
Қызарған гүлді түрменен,
Шағылысып күнменен,
Қызыл арқа жайнайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызыл арқа өлеңінің авторы кім?

Сәбит Мұқанов — осы өлеңнің авторы.

Қызыл арқа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызыл арқа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәбит Мұқанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қызыл арқа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері