Аңшы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Аңшы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1821
Айта салар кей адам үлгерем деп бәріне.
Тек, мынаны мойындаған жөн болар:
Барып тұрған жалқау жаның сол болар
Ұйықтап жүрген әлі де.
Ісіңді тез бітіргейсің бастаған,
Жарты жолда аяқсыз қып тастасаң,
Өзің ғана кінәлісің, қасқа, оған;
Соған саяр мысалымның мәні де.
Аңшы асынып оқшантай мен қаруын,
Ертіп және сенімді дос – Гекторды,
Құс атуға ну орманға бет қойды.
Айтқандарды үйде оқтап алуын,
Құлағына қыстырмады ол мұны:
«Қажеті жоқ, – деді ол, – жолым белгілі:
Туғалы одан көргенім жоқ торғай да,
Бір сағат бар – мол қайда!
Жеткенше әлі жүз оқтауға болмай ма?»
Аңшы алаңсыз келеді.
(Әзілдейін деді ме, Қызыр көмек береді):
Көл жағалай
Үйрек деген қаптап жүр.
Оғы болса Аңшы ағай
Салар еді-ау сан үйректі қапқа бір.
Топтап ап,
Жейтін еді-ау апталап,
Шыққан болса мылтықты үйде оқтап ап.
Аңшы оқтауға кірісті тез күйбектеп,
Бірақ, сақ қой үйректер:
Аңшы әуре боп жүргенде,
Улап-шулап со бойда,
Көтеріліп, қош айтысып тоғайға,
Ғайып болды бір демде.
Сандалды Аңшы барғанымен ол қайда,
Кезікпеді торғай да.
Болып тағы сорға тап,
Жаңбыр құйды сорғалап,
Жосыла.
Бітірместен Аңшы түк,
Қайтты суға малшынып,
Бос дорбамен жаншылып;
Бақты бастан тебу деген осы да.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аңшы өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Аңшы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аңшы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аңшы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері