Көңілсіз көрініс

Бұл бетте «Көңілсіз көрініс» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.06.2022
  • 0
  • 0
  • 712
Жүзiн көрiп азып-тозған даланың
Ауыр тартып тұнжырайды қабағым...
Сортаң жерлер қопсып жатыр ақ жем боп
Кеуiп қалған ауызындай жараның.
Iшiнде бiр тұрғандаймын майқанның.
Жел сыпсыңы сыпсыңындай сайқалдың.
Құйындар жүр шыр көбелек айналып
Құтырынған биiн билеп шайтанның.
Бұл дүние даламменен араздай.
Мұндай кезде не азады – дала азбай!
Бет-бағдарсыз қалбаңдайды сыңар құс
Жел ұшырып алып кеткен қағаздай.
Оқығандай қатал, ауыр өкiмдi
Аптап ыстық алып түсер бетiңдi.
Төбелер мен қыраттар да шөмиiп
Жатып қалған жадау түйе секiлдi.
Қуысындай жетiм қалған көңiлдiң,
Жел көтерген құм iшiнде егiлдi үн...
Алба-жұлба бұлт шығады көгiме
Алба-жұлба шапанындай Елiмнiң.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көңілсіз көрініс өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Көңілсіз көрініс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көңілсіз көрініс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көңілсіз көрініс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері