Оян менің жүрегім – Әділбек Бекболатұлы

Бұл бетте «Оян менің жүрегім» атты Әділбек Бекболатұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Оян менің жүрегім

Оянсаңшы қу қызыл ет, дүрсіл қағып,
Тас жүректің қапасы, болды ау тамұқ.
Кешегі ақын, сөліңді тауысқан ба,
Сия орнына қаламын қанға малып.

Қызылала сиямен өлең жазып,
Оятпақшы болып еді дабыл қағып.
Қайран жұртын, Қазағын ойға алып,
Енді бірі зар иледі қайғы бағып.

Оянсаңшы қу жүрек, тулап, жанып,
Жанбай тұрған жүректерге жалын салып.
Әр жүректе үміт отын жағу үшін,
Өле-өлгенше шапқыла жаныңды салып,

Ұланғайыр далаға қазық қағып,
Сақтап қалған бабаларың жанын салып.
Ал сен болсаң әлі күнге ес жия алмай,
Шала жансар жатырсың діріл қағып.

Оян менің жүрегім, оян енді,
Оянатын, оятатын кезің келді.
Көкірекке шуақ болып сәуле төгіп,
Оянбаған жүректерді, оят елді.


Пікірлер (4)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз, - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар.

adil87

Белгілеу басылмай қойды. Қанша мәрте көрдім бірақ баса алмадым.

Алма

Жазудың үстіне басу керек.

adil87

Алма. Рақмет.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Оян менің жүрегім өлеңінің авторы кім?

Әділбек Бекболатұлы — осы өлеңнің авторы.

Оян менің жүрегім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Оян менің жүрегім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Бекболатұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Оян менің жүрегім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар